Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Нарендра Модиге Үндістанның солтүстігіндегі Пахалгам
қаласындағы лаңкестік әрекетке байланысты
көңіл айту жеделхатын жолдады. Президент зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын
жеткізіп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін
білдірді. Лаңкестік әрекеттен 20-дан
астам адам қаза тапты.

