Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады. Мәулен Әшімбаев Президентке депутаттардың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды талқылау үшін ел тұрғындарыммен өткізген кездесулері туралы баяндады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық Азия республикаларының заң шығарушы органдарымен арадағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде мәлімет берді. Тығыз ықпалдастық Арал теңізі өңіріндегі экологиялық ахуал, трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайға байланысты аймақтық қауіпсіздік мәселесі сияқты өзекті проблемаларды шешу жөніндегі депутаттардың бірлескен жұмысын жандандыруға ықпал етеді.