Еліміздің Сенаты одақ аясындағы тиісті келісімді мақұлдады. Құжат біріңғай кеңістік нарығына қауіпті өнімдерді әкелу, көлеңкелі импортты ұлғайту, бюджеттік салымдардың түспеуі сынды бірқатар тәуекелді болдырмауға бағытталған. Айта кетейік шарт осымен үшінші мәрте ұзартылып отыр. Шегерудің басты мәні жаһандық пандемия және геосаяси ахуалдың салдары дейді, мамандар. Бүгінде Қырғыз елі 14 өткізу бекетінің 12-сін жаңалап үлгерген. Қазір Қытай мен Тәжікстан арасындағы бақылау пунктері одақ талаптарына сай келтіріліп жатыр. Айта кетейік, Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасында жеті өткізу бекеті бар. Өткен жылы мұнда жалпы тауар айналымы бір млрд доллардан асқан.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:
- Шығындарды болдырмау үшін алдыңғы сұрақта айтып өткендей, біз қырғыз тарапымен арнайы екі мемлекеттік кірістер көмитетімен және олардың кеден қызметі арасында келісім шарттар бар. Біз арнайы бақылауды күшейтіп қойдық. Электрондық шот-фактуралар бар және басқада құжаттар арқылы тексеріп отырамыз. Яғни, негізгі мақсат еліміздің экономикасына және одақтың кедендік түсімдерінің азайып кетпеуі және зиян келмеуін бақылау.