Өзбекстанға
газ тасымалдау көлемін ұлғайту үшін «Орта Азия – Орталық» жүйесін жаңғырту
бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысына 9 айдағы жұмыс қорытындысы туралы есеп
берген «QazaqGaz» Ұлттық компаниясының»
басқарма төрағасы баяндады. Санжар
Жаркешов «Алматы – Байсерке – Талғар» газ құбырының екінші желісін салу,
сондай-ақ Алматыдағы екінші және үшінші жылу электр орталықтарының газға
арналған инфрақұрылымын жасақтау жұмыстары аяқталғанын айтты. Бұдан бөлек,
«Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры салына бастады.
Санжар
Жаркешов,
«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
- Елімізде тауарлық газдың тұтыну көлемінің артқанына
байланысты және де ресурсты ұтымды пайдалану үшін бүгінгі есебімде тауарлық
газдық ресурстың базасын арттыру мәселесі талқыланды. Бұл бағытта «QazaqGaz»
Ұлттық компаниясы нақты
жетістіктерге жетті. Біріншіден, Chevron компаниясымен Ақтөбе облысында орналасқан
КТ3 геологиялық барлау учаскесіне инвестициялық келісім шартқа қол қойылды. Кэрри
қаржыландыру моделіне сәйкес инвестор геологиялық қаржылық тәуекелдердің барлығын
өз мойнына алады.