Мемлекет басшысы Ислам Республикасының Премьер-Министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында тараптар Құрбан айт мерекесімен бір-бірін құттықтап, екіжақты қарым-қатынастардың перспективті бағыттарына айрықша мән берді.
Пәкістан тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығына қатысты мәселелер, соның ішінде Астанада өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібі талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Пәкістанның экономикалық кооперациясының әлеуеті зор екенін атап өтті.