Астанада «Орталық Азия + Жапония» сараптамалық диалогы өтті

Астанада «Орталық Азия + Жапония» сараптамалық диалогы өтті

Астанада сарапшылар Жапония мен Орталық Азия арасында ынтымақтастық әлеуеті, екіжақты аймақтық өзара іс-қимыл және сыртқы саясат мәселелерін талқылады. Өңір мен Күншығыс елінің ғылыми орталықтары өкілдерінің сараптамалық диалогын Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен еліміздегі Жапония елшілігі ұйымдастырды. Мақсұт Нәрікбаев университетінің алаңында кездесуге қатысушылар экономика, саясат, қауіпсіздік, білім, сондай-ақ ғылым мен инвестиция салаларындағы өзара байланыс аясын қарады. Республикамыздың стратегиялық зерттеулер институтының басшысы Қазақстан Жапонияны бүкіл өңірдің экономикасына маңызды инвестор және көлік-логистика индустриясындағы технологиялар генераторы ретінде қарастыратынын ерекше атап өтті. Қала инфрақұрылымын жетілдіру мәселесі де маңызды орын алады. Орталық Азия аймағының елдері үшін Жапонияның қалалық дамудағы тың көзқарасы, көлік инфрақұрылымын жақсарту және шаһарларды басқаруға заманауи технологияларды енгізу саласындағы бірегей тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырады. Өз кезегінде электрондық үкіметті дамыту бойынша 193 елдің ішінде 24-ші орында келетін Қазақстан  Шығыс Азия мемлекетіне өзінің цифрлық өнімдерін ұсына алады.

Томохико Уяма, Хоккайдо университетінің Славян-еуразиялық зерттеулер орталығының профессоры:


- Бұл сарапшылардың кездесуі нақты жобаларды талқылауға арналмаған. Басты міндет көзқарасымыздың ортақтығын және қандай міндеттерді шешу керектігін анықтау. «Орта державалар» бір-бірімен  ынтымақтасқаны өте маңызды. Бұл жолы осының қамында бас қостық. Егер екіжақты қарым-қатынастар туралы айтатын болсақ, білім беру, инфрақұрылым, адами капитал, климаттық өзгерістерге байланысты міндеттерді шешу сынды бағыттарда өзара ынтымақтастықты дамытуға болады.


Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?