Мемлекет басшысы су басқан аймақтарды тікұшақпен аралады

Мемлекет басшысы су басқан аймақтарды тікұшақпен аралады

Солтүстік Қазақстан облысынан кейін Президент ұшақпен Қостанай өңіріне барды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өлкедегі қазіргі ахуалмен танысу үшін тікұшақпен су басқан аумақтарды аралап көрді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына байланысты өңірдегі 6 аймақта төтенше жағдай жарияланғанын жеткізді. Айтуынша қазіргі кезде жағдай тұрақталды. Қауіптің алдын алу үшін Қаратомар, Жоғарғы Тобыл және Желқуар су қоймаларынан жіберілетін су мөлшері ұдайы бақылауда.