Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауарайналым өткен жылы 60% артып, АҚШ валютасында 1,8 миллиардты құрады. Бүгінде Біріккен Корольдік ел экономикасына инвестиция салу көрсеткіші бойынша жетінші инвестор болып келеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның бизнес және сауда істері жөніндегі мемлекеттік министрі Нусрат Ганимен кездесуінде айтты. Сондай-ақ президент Астана Лондонмен сауда және инвестиция салаларындағы байланыстарды кеңейтуге мүдделі екенін де жеткізді. Өз кезегінде Нусрат Гани Ұлыбритания тарапы екіжақты байланыстарды дамытуға баса мән беретінін айта кетті.