Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі нығайту мәселелерін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения үкімет басшысы Никол Пашинян телефон арқылы талқылады. Қазақстан Президентінің биыл сәуір айында Арменияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.