Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының
жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Президент мегаполисті дамытудың
негізгі міндеттерін айқындады. Тұрақты
экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың
инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, сондай-ақ жол-көлік желісін жақсарту, экологиялық
мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді.

