Онда әр азамат кешкі сағат 8-ге дейін өз таңдауын жасай алады. Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, әлемнің 62 еліндегі елшіліктері мен консулдықтары жанынан 77 сайлау учаскесі құрылды.
Айта кетейік, Парламент Мәжілісі 98 депутаттан тұрады. Оның 70% партиялық тізім бойынша, 30% бір мандатты округтерден сайланады. Жалпы, шетелде 12 мыңнан астам отандасымыз дауыс береді деп күтілуде.