Қазақстанда көмірден газ өндіретін зауыт салынады

Қазақстанда көмірден газ өндіретін зауыт салынады

Қарағанды облысында көмірден газ өндіретін зауыт салынады. Инвестор -қытайлық компания жылына 2 млрд текше метр көгілдір отын өндірмек. «Кazenergy» қауымдастығы төрағасының орынбасары Жанболат Сәрсенов қара алтынды газға айналдыру технологиясы тиімді болатынын айтады. Елдің жер қойнауы осы минералға бай. Бүгінде, Қазақстан көмір қоры бойынша әлемнің ірі елдерінің ондығына кіреді. Қазір оның көлемі 33,6 млрд тоннаға бағаланғанып отыр. Өндірісті іске қосу жаңа технологияларды тартуға және елдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Экологияға да пайдалы. Қоршаған ортаға зиянды қалдықтар аз бөлінеді.

Жанболат Сәрсенов, «Кazenergy» қауымдастығы төрағасының орынбасары

- Қытайлар кезінде көмірден, углихимия дейміз ғой, соған көп күш салған. Оған суды қолдану көп керек болады. Ол технология. Оны бүгін ойламасақ ертең кеш болады. Оған қатысып, зерттеу керек. Енді бізде көмір санаусыз. Әрине, сондай индустрияны дамытатын болсақ, біздге тек қана пайдасы түседі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?