Мәжіліс ЕАЭО пен Иранмен және Сингапурмен Еркін сауда туралы келісімін ратификациялады

Мәжіліс ЕАЭО пен Иранмен және Сингапурмен Еркін сауда туралы келісімін ратификациялады

Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран және Сингапурмен еркін сауда туралы келісімді қабылдады. Аталған құжаттар отандық өнімдердің сыртқы нарықтарға шығып, экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы осы елдермен тауарайналым көлемі артқан. Мәселен, былтыр Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда 1 млрд 800 млн долларды құрады. Келісім күшіне енген сәттен бастап бұл мемлекет біздің республика мен Экономикалық бірлестіктің басқа елдерінен әкелінетін барлық тауарларға кедендік баждарын жояды деп күтілуде. Ал, келесі келісім Иранмен сауда қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге шығаратын қолайлы жағдайлар жасауды қарастырады.

Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:

- Бүгінгі таңда біздің елдеріміз арасында тауарлардың шектеулі тізбесі бойынша преференциялық сауда режимі қолданылады. Жаңа келісім тауар номенклатурасының 90% жуық бажсыз сауданы қарастырады. Осы Келісімде Иран көптеген тауарлар бойынша нөлдік баждарды қолдануға және саудада шектеулер қолданбауға міндеттеме алады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?