Үкімет басшысының айтуынша, бақылаушы органдар тарапынан бизнеске қысымды төмендету шараларын заңнамалық тұрғыда бекіту Әділет министрлігіне жүктелген. Жиында инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында бірқатар кешенді шараны іске асыру ұсынылды.
Атап айтқанда, мемлекеттік преференциялар алу үшін органдардың өтінімдерін келісу мерзімін қысқарту және мемлекеттік қолдау шараларына ие болу үшін инвестициялардың шекті көлемін азайту көзделуде. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі шамамен 15 трлн теңге болғанын мәлімдеді. Бұл – жоспардың 94%-і. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта инвесторлар сыртқы экономикалық жағдайды бақылап, аңысын аңдап отырғанына қарамастан, инвестициялық белсенділік біртіндеп қалпына келуде.