Каспий итбалықтарын сақтап қалу үшін Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар 3 резерват құрылады. Ерекше қорғалатын аумақтар Кендірлі, Комсомольский жәнен Прорва аудандарында орналасатын болады. Бұл туралы облыстың табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан хабарлады.
Қазіргі уақытта экология министрлігімен бірлесе тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап өтерлігі, Каспий мәселелерін шешу бағытында арнайы бағдарлама әзірлеуге аймақ бюджетінен 40 миллион теңге бөлінген. Бұдан басқа, өткен жылы өңірдің экологиялық проблемаларын шешу үшін жол картасы әзірленді.