Қытай астанасында екі мерейтойға - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған естелік конверттердің тұсаукесері өтті. Өскелең ұрпақ өкілдеріне лекция ұйымдастырылып, онда қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы айтылды. Мерекелік іс-шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.
Ду Мин, естелік конверттерді шығарған компанияның атқарушы директоры:
– Қытай мен Қазақстан халқы достығының бірнеше мың жылдық тарихы бар. Біздің ынтымақтастығымыз жиі мәдени байланыстармен сипатталады. Еске алу конверттерін ұсыну және олар арқылы Қытай азаматтарын, соның ішінде біздің балаларды Қазақстанның тарихымен және бай мәдениетімен таныстыру біз үшін үлкен мәртебе. Осылайша, елдер арасындағы достықтың тереңдей түсуіне үлес қосамыз.