Мұнда Мемлекет басшысын Франция Президенті Эмманюэль Макрон қарсы алды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшыларының екіжақты келіссөзі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Эмманюэль Макронға алғыс айтты. Мемлекет басшысы бұл сапар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтып, қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық жаңғыру үдерісі жөнінде айтты. Өз кезегінде Эмманюэль Макрон Қазақстан Францияның стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Энергетика саласында бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Еуропалық Одақ Қазақстандағы түрлі жобаларға инвестиция салып келеді. Сонымен қатар Эмманюэль Макрон 2024 жылы Қазақстанда француз тілінде оқытатын жаңа мектептер ашылатынын айтты. Франция Президенті Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдірді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Қазақстанға сапармен келуге шақырды.