Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің сарапшылар тобы осындай баға берді.
Еске салайық, МАГАТЭ сарапшылары елімізге төрт күндік миссиямен келді. Мамандар Қазақстан атом энергетикасы бағдарламасын үйлестіру, төтенше жағдайларды жоспарлау және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу салаларындағы ұсыныстарды толығымен орындаған деген тұжырым жасады. Бұдан бұрын МАГАТЭ миссиясы 2016 жылы Қазақстанның ядролық инфрақұрылымының жай-күйіне шолу жасап, саланы одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар берген болатын.