Астанада сарапшылар Қазақстан Конституциясының рөлін талқылады

Астанада сарапшылар Қазақстан Конституциясының рөлін талқылады

Қазақстан Конституцияның 30 жылдығын атап өтеді. Ата заңды ұлықтау үшін ел бойынша 30-дан астам ірі іс-шара жоспарланған. Аталған мерейтойға орай Президент архивінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Елордада бас қосқан депутаттар, судьялар мен ғалымдар еліміздің Негізгі заңының мән-маңызын талқылады. Жиналғандардың ортақ пікірі бас құжатта бекітілген құндылықтар мемлекеттің тұрақтылығы мен орнықты дамуының іргетасы екеніне саяды.  Онда Конституциялық соттың жұмысына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, мұнда тақырыптық көрме өтіп, ел азаматтарының Ата заңды әзірлеуге қатысты жобалары, сараптамалық қорытындылары мен көптеген ұсыныстары таныстырылды. Бұл бірегей жәдігерлер Конституцияның құрылуы және оның қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы рөлін айшықтайды.

Шолпан Тілепина, ҚР Президенті архивінің Ғылыми және қолданбалы зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі:

- Бұл көрмеден орын тепкен құжаттардың бәрі түпнұсқа. Мұнда негізінен ел азаматтарының жазған өтініштері мен хаттары қамтылған.  Яғни, елдің Азаматтық қоғам институттарынан, мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару органдарынан, жеке тұлғалардан жіберілген бірегей  хаттар мен құжаттардың түпнұсқалары қойылды. Ата заңды әзірлеу жобасына қатысты шетелде тіркелген дипломатиялық өкілдіктерде талқылау нәтижесінде алынған ұсыныстар да бар. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?