Қазақстанда жаңа су қоймалары салынады

Қазақстанда жаңа су қоймалары салынады

Қазақстанның үш бірдей өңірінде биыл төрт жаңа су қоймасы салынады. Салалық министрліктің мәліметінше, еліміздің оңтүстігінде бой түзейтін «Ақмола», «Қалғұты» және «Қараөзек» қоймалары су тапшылығын азайтып, суару кезеңінде 23 мың гектарға жуық егіс алқабын тіршілік нәрімен  қамтамасыз етуге мүмкіндік  береді. Ал,  Батыс Қазақстан облысында салынатын Үлкен Өзен қоймасы қарғын суларды жинап, екі елді мекенді тасқынынан қорғауға бағытталмақ.  Жалпы, 2028 жылға дейін республика бойынша 42 жаңа су қоймасын іске қосу көзделуде. Сондай-ақ,  37 гидротехникалық нысандарды қайта жаңарту және шамамен 14 мың шақырым ирригациялық жүйені қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?