Париждегі Луврда Қазақстанның ұлттық көрмесі өтеді. Тараптар қазіргі уақытта алдын ала келісімге қолжеткізген. Сондай-ақ Луврда көрсетілетін Қазақстан Ұлттық павильонының тұжырымдамалық жобасы әзірленді. 2026 жылы өткізілуі жоспарланып отырған көрме «Қазақ дала өркениетінің мәдени коды» кешенді ғылыми-экспозициялық жобасы аясында дайындалады. Жоба еліміздің әлемге, оның ішінде дәстүрлі мұра арқылы танылуын арттыру мақсатында жасалған. Бүгінгі таңда Мәдениет және ақпарат министрлігі көрмені ұйымдастыруға дайындық үстінде. Ведомство француз серіктестерімен де қарым-қатынасты күшейтетінін атап өтті. Бұл идея алғаш рет өткен жылы, қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға сапары кезінде айтылды. Әлемдегі ең үлкен және ең көп адам баратын музейдің залында біздің дәуірімізге дейінгі IV мыңжылдықтан XIX ғасырдың ортасына дейінгі кезеңді қамтитын артефактілер қойылады. Экспозицияның негізін Қазақстанның бірқатар музейлерінің қорларынан алынатын сирек жәдігерлердің түпнұсқалары құрайды.
Гүлзейнеп
Пазылова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі департамент басқармасының басшысы:
– Ұлттық көрмеге
қойылатын тізімдердің құрамын анықтау, біздің еліміздің ұлтымыздың мәдениетін,
тарихын ашып көрсететін ұлттық құндылықтарымыздың тізімің белгілеу жөніндегі
жұмыстары әзірленуде. Осы көрменің барысы өзі
екі-үш айға созылады деп жоспарланған.