Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына 30 аудиокітап. Қызылорда облыстық зағип және нашар көретіндерге арналған кітапхана осындай игі бастаманы қолға алды. Қазақстандық авторлардың 30 кітабы арнайы студияда дыбысталып, оқырманға ұсынылады. Олардың қатарында драма, поэзия, проза, балалар әдебиеті мен аудармалар жинағы бар. Кітапхананың бүгінде 2 мыңдай оқырманы болса, кітап қоры 3 мыңға жуықтайды. Оның басым бөлігі – арнайы әдебиет. Соңғы 2-3 жылда кітапхана студиясында 95 кітап дыбысталып, таспаланған.
Айна Бекенова, кітапханашы:
- Заман талабына сай ыңғайландырып, оқуға ұсынып отырмыз. Дыбыс жазу студиясында жазылатын бүкіл әдебиет оқырмандар сұранысына лайықты жасалады. Осы жылы басылып шығады.