«Astana Invest» мәліметінше, олардың қатарында жабық жоғары вольтты вакуумдық ажыратқыш өндірісі, ағаштан жасалған тақта бұйымдарын шығаратын цех, талшықты цемент тақталарын және газдалған бетон блоктарын шығаратын зауыттар, кірпіш плиталары мен үй сыртын қаптауға арналған плиталар, инновациялық энергия үнемдейтін материалдар бар. Іске қосылатын жобалар қатарында құрылыс материалдары; кабельдік және жарықдиодты өнімдер өндірісін кеңейту; радиостанцияларды шығаратын шағын зауыт; терезелер, сондай-ақ лифттер мен вагондар құрылысы бар.