Қытай Алматы облысында логистикалық парк пен құрғақ порт құруға дайын

Қытай Алматы облысында логистикалық парк пен құрғақ порт құруға дайын

Ол Корея, Жапония, Қытай, ЕАЭО, Кавказ және Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына жол ашуға мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыруға аспан асты елінің инвесторлары қаражат бөлуге дайын. Қазақстандық инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің мәліметінше, логистикалық хаб қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан Алматы айналма теміржол желісінің бойында салынады. Нысанда жүктерді жеткізудің жаңа баламалы бағыттарын енгізу және транзиттік тасымалды ұлғайту үшін бондтық қоймаларының үлгісін әзірлеу жоспарлануда. Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 24 млрд доллардан асты. Көрсеткіш өткен жылғыдан 34% жоғары. Еліміздің жалпы тауар айналымында қазақстандық өнімнің Қытайға экспортының үлесі 15,5%-тен астам болды.