Қазақстаннан шикізаттық емес тауарлардың экспорты шамамен 35%-ке артып, 10 млрд долларға жуықтады. Осы жылдың бес айының қорытындысы осындай, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі. Ведомство негізгі өсімді уран, ферроқорытпа, мыс, бидай ұны, табиғи газ және тағы басқа өңделген тауарларды сырт нарықтарға жеткізу көлемдерінің ұлғаюымен байланыстырып отыр. Cондай-ақ, дайын өнімдердің импорты 13%-ке өскен ұлғайған. Елімізге негізінен автомобиль шанақтары, дәрілік заттардың жеткізілімдері артқан, - деп хабарлайды министрлік.