Қазақстандық 50 мұғалім Түркияның Бурса қаласында тәжірибеден өтті. Ұстаздар педагогикалық инновациялар, жетістіктер мен проблемалар тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Мұғалімдер жергілікті мектептерді аралап, әріптестерінің жұмыстарымен танысты.
Ебубекір Армаған, Жібек жолы Халықаралық қауымдастығы директорлар кеңесінің Төрағасы:
– Түркі дүниесінің барлық ынтымақтастығы жоғарғы деңгейде болуға міндетті. Саясаттан білім беруге дейін, экономикадан басқа да елеулі салаларға дейін. Осы орайда, бүгінгі қос елдің оқыту жүйесінің салыстырмалы түрде өткен жиыны жемісті болды.