Елордада пластик бөтелке өткізетін фандомат ашылды

Елордада алғашқы фандомат пайда болды. Бос пластик бөтелкелерді және түрлі қаңылтыр банкаларын қабылдауға арналған аппарат экологияны сақтау мақсатында, азаматтардың назарын қоқысты сұрыптау қажеттілігін аударуға арналған. Пластикті тапсырғаны үшін ақша немесе эко-бонустар беріледі. Әзірлеушілердің айтуынша, оларды мобильді қосымшада жинауға немесе сауда орталықтары мен супермаркеттерде жұмсауға болады.

Адлет Нурселинов, компания директоры:

- Бұл елордадағы  алғашқысы. Маусым айының соңына дейін тағы 10-15 фандомат орнатуды жоспарлап отырмыз. Келесі айда 30- 50-ге дейін жеткіземіз. Мұның бәрі келісімшарттарға қол қоюға байланысты.