Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстанның Елшілігі азаматтарымызды эвакуациялауды қамтамасыз етуде. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады. Отандастарымыз Киевтегі елшілікке және Харьков, Львов, Одесса, Днепр қалаларында орналасқан ҚР Құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алады. Сонымен қатар ҚР СІМ азаматтарымыздың хабарласуы үшін екі елде де телефон арқылы «жедел желі» ұйымдастырды.
Қазақстанда: +7 (7172) 72-06-06;
Украинада: +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58.