Қазақстандықтар шетелде тіркелген оң жақ рульді автокөліктерді заңдастыра алады. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің басшылығы мәлімдеді. Сенатта қаралған тисті норма Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру туралы заң жобасында қамтылған. Құжатта бұған қоса, өңірлердің қаржылық дербестігін арттыру үшін салық түсімдерінің жекелеген түрлерін жергілікті бюджетке беру көзделіп отыр. Сонымен қатар, бәсекелестік ортаны кеңейтуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға жағдай жасау, монополия операторларын реттеу механизмін қайта қарау және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті іске асыру тәсілдерін жетілдіруге бағытталған. Алайда, депутаттар оған бірқатар өзгертулер енгізуді ұсынып, заң жобасын Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген рулі оң жақта орналасқан автокөліктер бойынша бастапқы тіркеу мүмкіндігін беру ұсынылды. Бұл 20 мыңға жуық азаматымызға өз көлгін заңдастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сенаторлар азаматтардың банктік, салықтық құпиясына қол жеткізу мәселелеріне қатысты уәкілетті органдарға негізсіз кең өкілеттіктер беретін жекелеген ережелерді алып тастады. Осы заң қабылданғаннан кейін халықтың әл-ауқатын жақсартуға оң әсерін тигізеді деп сенеміз.