ҚР Премьер-Министрі ТМД Үкіметтері басшылары Кеңесі отырысына қатысты

ҚР Премьер-Министрі ТМД Үкіметтері басшылары Кеңесі отырысына қатысты

Қазақстан ТМД мүше мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін күре жолдарды өзара ұштастыру тұжырымдамасын әзірледі. Бұл туралы ел Премьер-министрі Мәскеуде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысында мәлімдеді. Құжат достастықтың Атқару комитетіне жолданды. Оның айтуынша, еліміз трансқұрлықтық дәліздерге, яғни «Батыс-Шығыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» бағыттарын дамытуға ерекше мән береді. Бүгінде Қазақстанның сыртқы саудасының төрттен бірі ТМД елдеріне тиесілі. Сондай-ақ, Олжас Бектенов Қазақстан Президентінің бастамасымен қолға алынған «Достастық жәрмеңкесі» мемлекетаралық бағдарламасын құру елдер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Жалпы жиында сауда-экономикалық кооперацияны нығайту, көлік дәліздерін дамыту және жеткізілім көлемін ұлғайту, қоршаған ортаны сақтау, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен ғылыми әлеуетті арттыру мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша азаматтық кеме жасау мен кеме жинақтаушы жабдықтарын өндіру, көлік кешенін цифрлық трансформациялау саласындағы ынтымақтастық туралы және басқа да құжаттарға қол қойылды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?