ҚР Премьер-Министрі IV Ташкент Инвестициялық форумына қатысты

ҚР Премьер-Министрі IV Ташкент Инвестициялық форумына қатысты

Орталық Азия елдері энергетика саласында трансшекаралық жобаларды іске асырып, «жасыл» энергия өндіру ісінде күш біріктіруі керек. Қазақстан Премьер-Министрі IV Ташкент халықаралық инвестициялық форумында аймақ елдері арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын атады. Олжас Бектенов өзара алыс-беріс әлеуетін арттыруда көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың маңызына тоқталды. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде бірлескен ірі жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Үкімет басшысы сандық инфрақұрылымды трансформациялау мен жасанды интеллект экожүйесін дамыту үшін инвестициялар тарту қажеттігіне де назар аударды.

Олжас Бектенов, ҚР Премерь-Министрі:

- «Инвестиция тарту – өңірдің экономикалық парадигмасының негізгі факторы. Қазақстан 2029 жылға қарай экономикаға кемінде 150 млрд доллар шетелдік капитал ағынын қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Бұл – ауқымды әрі барынша биік мақсаттар, оған қол жеткізуге әбден болады. Ол үшін ұлттық экономиканы құрылымдық қайта құруға бағытталған ауқымды реформалар табанды түрде жүргізілуде». 

Форум аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновті қабылдады. Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, өнеркәсіптік, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Өзбекстан – Қазақстанның маңызды сауда серіктесі. Биыл төрт айда өзара тауар айналымы 10%-ға жуық артып, 1,3 млрд доларды құрады. Оның 1 млрд-ты отандық экспорттың үлесінде. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?