Қазақстанда балалардың туристік пойызы жолға шықты

Пойыз жолаушылары шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен көп балалы және аз қамтылған отбасының  балалары, барлығы 600 бүлдіршін сапарлайды. «Туған елге саяхат» деп аталатын алғашқы пойыз бірден республиканың жеті облысын араламақ, ол Астанадан басталып, Байқоңыр, Түркістан, Алматы, Бурабай бағытында жүреді. Балалар еліміздің сұлулығы мен көрікті жерлерін тамашалай алады.

- Бізге осындай мүмкіндік беріп тұрғандарыңызға өте үлкен рахмет. Ата-аналарымыздың еңбектеріне де көп рахмет! Болашақты өз елімізге қызмет етуге дайынбыз!