Парижде өткен Asia Now заманауи өнер жәрмеңкесінде қазақстандық суретшілердің ерекше туындылары келушілерді таң қалдырды. Қонақтар көшпелі халықтың ерекше тоқыма өнерін тамашалап, тәнді болды. «Уақыт матасы: қазақ өнерінің үш ұрпағы» атты көрме жұртшылықты көшпенділердің тарихи-мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік берді. Алайда, әсіресе, олардың назары киіз үйге ерекше түсті. Көрермендерді көшпенділер үшін киелі мәнге ие картиналардағы өрнектер мен оюлар айырықша қызығушылық тудырды.
Найма Морелли, жазушы-суретші:
- Мен Орталық Азияның
заманауи өнерінің көрмесін тамашалағаныма қуаныштымын. Әрине, мен өрнектер мен
киіз үйлерді бұрын естігенмін, көргенмін, бірақ мұндай көрмелерде суретшілердің
заманауи және дәстүрлі бағытты шебер үйлестіре білуін алғаш көріп отырмын.
Авторлардың киізді қолдану да мен таңқалдырды. Барлық дерлік жұмыстарда осы
материал пайдаланылған. Әрқайсысының өз энергиясы бар.