Ақпараттар ағыны дамыған заманда қоғамның медиа сауаттылығын ашып, медиа мәдениетті қалыптастыру. Қазақстанда осының қамында медиа мектеп ашу жоспарланған. Онда дәйекті деректерге негізделіп, сараланған ақпарат тарату жолдары үйретіледі. Қазіргі таңда осы бағытта жұмыс жасалып жатыр деп мәлімдеді еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрі Astana Media Week форумының панельдік сессиясында.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
- Медиа менеджерлерін дайындау мектебі болады деп ойлаймын. Сондықтан біз кітаптар, әдістемелік құралдардыда әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі журналистер осы салада жүрген азаматтармен бірге қарапайым азаматтарды оқытуға ашық боламыз. Журналистика кафедраларымен, факультеттерімен бірлесе отырып ұйымдастырамыз деген ойдамыз.
Бұл бағытта Meta Қазақстанда өкілдік, ал TikTok офис ашуға, сонымен қатар медиасауаттылыққа оқытуға ниетті. Бүгінде әлеуметтік желілер ақпаратты жылдам әрі жеңіл етіп тарату тетігіне айналды. Сондықтан, елордада өтіп жатқан медиа апталық аясында әлеуметтік желілермен ықпалдастық кеңінен талқылануда.
Анастасия Панина, Шығыс Еуропадағы Tiktok Global Business Solutions директоры:
Тик-Ток платформасы Қазақстанда өте танымал. Біз мұнда контент ұдайы жаңарып, түрленіп тұратынын көріп отырмыз. Себебі қазақстандық аудитория өте шығармашыл, жаңаға бейім келеді. Адамдар өздерін таныту үшін жалпы елдің игі жағын көрсету үшін біздің тұғырнаманы қолданады. Қазақстанда музыканттар, мұғалімдер мен аналар өте белсенді. Сондықтан оларға жақын болу үшін осы күзде Алматы мен Астана қалаларында кеңсе ашуды жоспарлап отырмыз.