Астанада Республика күніне орай «Егемендік жолы» көрмесі ашылды

Астанада Республика күніне орай «Егемендік жолы» көрмесі ашылды

Биыл Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның 35 жылдығы аталып өтіледі. Тарихи құжат 1990 жылы 25 қазанда қабылданды. Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының алтын қазығына айналған декларацияда Қазақстанның саяси, экономикалық және тарихи-мәдени дербестігі, аумақтық тұтастығы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, барлық ұлт өкілдері үшін тең мүмкіндіктер, саяси плюрализм, биліктің бөлінуі сынды елдің дамуын айқындайтын негізгі қағидаттар көрініс тапты. Президенттік орталықтағы Республика күніне арналған тақырыптық көрме ашылды. Онда еліміздің тамыры терең тартқан тарихынан бастап бүгінгі табыстарына дейінгі сындарлы жолынан сыр шертетін жәдігерлер қанат жайған. Мұнда келушілер алғаш рет 1990 жылғы 28 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Декларациямен таныса алады. Көрмеге барлығы 235 экспонат қойылған. 

Әйгерім Сартаева, ҚР Президенттік орталығының жетекші сарапшысы:

– Егемендік Декларациясы тәуелсіздіктің саяси-құқықтық негізін бекітккен еді. Ол жалпы егемендіктің барлық атрибуттарын қамтыды. Оның шінде еліміздің территориясы, оның мызғымастығы, ұлттық теңдік, мемлекеттегі билітіктің толыққандығы және дербестігі, ішікі әскерді құру құқығы, өзіміздің бюджетіміз, қаржы, несие жүйесін қалпастыруы және еліміздің халықаралық субъект ретінді өзінің толққанды құқығын бекіткен еді. Тағы бір маңызды тұстарының бірі – егемін мемлекетінің символадары – таңба, ту және әнұраны.

Орынша Серікбай, оқушы:

– Мен білдім мына жерден Семей полигоның қайтып жапқанын және қалай біз тәуелсіздік алғанымызды, солардың ережелерін білдім. Маған өте ұнады осы жер. Көптеген нәрселерді көрдім. Білдім. Маған айтқандары, көрсеткендері өте қызықты болды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?