Қазақстанда жаңа инновациялық жол әзірлемелері енгізілуде. Қазіргі таңда отандық ғалымдар дайындаған жарыққайтарғы катафоттары деп аталатын жол белгісі республикалық трассалардың кейбір учаскелерінде сынақтан өтуде. Мамандардың айтуынша, олар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, жол-көлік оқиғасын азайтуда тиімді. Жрыққайтарғылардың екі түсі – қызыл және сары – таңдап алынды. Технология әсіресе түнде тиімді.
Ләззат Стамғазиева, «Қазавтожол» ҰК ресми өкілі:
- Мамандар отандық әзірлеушімен бірлесіп республикалық
трассалардың дөңгелек учаскелерінде, вираждарда инновациялық катафоттарды, жарыққайтарғыштарды
сынақтан өткізуде. Қазіргі таңда олар 2 учаскеде сынақтан өтіп жатыр. Біреуі
«Астана-Щучинск» автожолының 41 шақырымында, екіншісі «Астана-Теміртау» тас
жолының 1358 шақырымында орнатылды. Бұл автомобиль жолдары еліміздегі ең көп
көлік жүретін трассалардың бірі саналады. Мұнда бір тәулікте 30 мыңға дейін
автомобиль өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін күн батареяларынан
энергия алатын катафоттар «Астана-Петропавл» автожолында сыналған. Олар қауіпті
учаскелерде жүргізушілердің назарын аударады, сонымен қатар жол сызығын басып
кеткен жағдайда дыбыс шығару эффектісіне ие.. Бұл қарсы қозғалыс жолағына шығу
ықтималдығын азайтуға және фронтальды соқтығысуды немесе жол жиегіне шығуды
болдырмауға мүмкіндік береді.