Мәжіліс Қазақстан
мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін
әлеуетті дамытудың өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік жөніндегі
меморандумды ратификациялады. Өңірлік әлеуетті дамыту орталығы Алматы қаласында
орналасады. Бұл орталық Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан,
Монғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның мемлекеттік қызметкерлеріне
ақша-несие, бюджет саясаты, қаржылық реттеу мен қадағалау және
макроэкономикалық статистика салалары бойынша өзара білім және тәжірибе
алмасуға жол ашады. Сонымен қатар, мамандардың біліктілігін көтеріп,
мемлекеттік институттардың тиімділігін күшейтуге жағдай жасайды. Айта кетелік,
құжатқа 2024 жылы Вашингтонда қол қойылған.
Тимур Сүлейменов, ҚР
Ұлттық банкінің төрағасы:
- Қазақстан өзге 9 ел
үшін орталық ретінде таңдалып алынғандықтан қосымша функционал пайда болды,
тікелей елімізде жұмыс істейтін адамдар анықталады, сондықтан осы
қызметкерлердің біздің аумақта атқаратын функциясын, мақсаттарын, міндеттерін,
шарттарын нақтылау қажеттілігі туындады, бүгінгі меморандум осыған бағытталған,
ал заңнамалық база 2004 жылдан бері қалыптасқан.

