Қазақстан Қытайға ет экспортын ұлғайтады

Қазақстан Қытайға ет жеткізу көлемін ұлғайтады. Отандық үш компания Аспан асты еліне сиыр етін экспорттауды жоспарлап отыр. Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, құны  ақшалай көлемде 75 млн долларға тең. 

Айта кетейік, Қытай Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді. Тек өткен жылы ғана екі ел арасындағы АӨК өнімдерінің тауарайналымы АҚШ валютасында 1 млрд 300 млн-ды құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 67% артық. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға экспорттау көлемі 2 есеге өсіп, бір миллиард долларға жетті. Аспан асты еліне негізінен дәнді және майлы дақылдар жеткізілгеніне қарамастан, мал шаруашылығы өнімдері есебінен экспорт көлемін ұлғайту көзделіп отыр. 

Асқар Жұбатыров, Қазақстан Ет одағының атқарушы директоры:

– Жұмыс 2019 жылы, коронавирус пандемиясына дейін басталды. Тауарлар жөнелтіліп тұрды. Тұрақты экспорттық тауарлар да бар. Тұрақты клиенттеріміз де бар. Негізінен біз мұздатылған сиыр етін жөнелтеміз. Қазақстанның салқындатылған сиыр етін экспорттауда артықшылығы мол. Әсіресе субөнімдерге сұраныс жоғары. Өйткені, бұл өнімдер тұтас етпен бірдей табыс әкеледі. Біз де соған ұмтыламыз. Сонымен қатар, еліміздің жылқы еті бойынша да әлеуеті орасан. Отандық компания ЕО-мен келіссөздер жүргізді. Қазіргі таңда еуразиялық аймаққа Қамбар ата төлінің етін жеткізу бойынша жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, мүдделі елдер – Франция, Бельгия және Италия. Сондай-ақ, Жапонияды қарастырудамыз. 

Шетелге тауар жеткізетін отандық кәсіпкерлердің тізімі де кеңейтіледі. Сонымен қатар, экспортталатын өнім номенклатурасын ұлғайту бойынша жұмыс жалғасуда. АӨК өнімдерінің тағы 10 түрі әзірленуде.