Қазақстанда
инфляция баяулай түсті. Төртінші ай қатарынан көрсеткіш төмендеп келеді.
Жыл соңына қарай ол 11-14%-кежетуі
мүмкін. Ұлттық банк осындай болжам жасап отыр. Монетарлық
реттеушінің мәліметі бойынша, маусым айында жылдық мәнде 14,6%-ке
дейін төмендеді. Ал азық-түлікке әлемдік бағаның одан әрі төмендеуі және сауда әріптес
елдеріндегі инфляцияның төмендеуі инфляцияға тежеуші ықпал етеді. Дегенмен сарапшылардың пікірінше, проинфляциялық тәуекелдер ішкі факторлар тарапынан
сақталады. Атап айтқанда, бұл – инфляциялық күтулер, фискалдық ынталандырудың
күшеюі, жанар-жағармай мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметтері
бағаларының қымбаттауы. Еске сала
кетейік, шілденің басында Ұлттық банк
базалық мөлшерлемені жылдық 16,75% деңгейінде
қалдыру туралы шешім қабылдады. Инфляцияның баяулауы болашақта оны біртіндеп
төмендетуге көмектеседі.