Қырғызстан мен Тәжікстан медициналық университеттерінің 20-ға жуық студенті
Астанада білімдерін шыңдады. Олар отандық дәрігерлердің тәжірибелерімен
танысып, денсаулық сақтау саласындағы жаңа технологияларды көрді. Семинарлар «KazAID»
Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің ұйымдастыруымен өтті. Айта кетейік,
жоба былтыр қолға алынған. Ол кезде білім курстары тек қана болашақ дәрігерлер
үшін емес, сондай-ақ Орталық Азиядағы бейіндік жоғары оқу орындарының
оқытушылары үшін де ұйымдастырылған болатын.
Акылай Шакенова, И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясының студенті:
- «Бізбен бірге мұнда
Қазақстан мен Тәжікстан студенттері болды. Яғни, үш елдің болашақ дәрігерлері
бас қостық. Бұл өте маңызды. Білімімізді шыңдап, мәдени құндылықтармызбен
алмастық».
Айта кетейік, бұл осындай бағытта жүзеге асырылып жатқан жалғыз бағдарлама
емес. Қазақстан аймақ елдірімен басқа да салада білім алмасып, тәжірибе
бөліседі. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясын кеңейте отырып Орталық Азия
мемлекеттері серіктестікті нығайтып келеді.
Арманай Қабдешова, «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің баспасөз
хатшысы:
- «Аталған жоба KazAID
гранты негізінде қатысушылар үшін тегін жүзеге асырылады. Бізде үш бағдарлама
бар. «Достық-дипломатия» допломаттарды оқытуға арналған. Болашақ дәрігерлер
үшін «Авиценна: денсаулық сақтау» деген бағдарламамыз бар. Ал, «Достық:
цифрландыру» бағдарламасы ІТ-мамандар үшін жасақталған. Қорыта айтқанда, осы
жобалар Орталық Азия елдерінің мамандарына бағытталған. Біз оларды арнайы
шақырып, оқытамыз. Бағдарлама екінші жыл қатарынан қолға алынып жатыр».

