Қазақстандық IT-компаниялар ЕЭО елдерінің аумағында бәсекелестікке қабілеттіліктерін жетілдіріп, өз әзірлемелерін ауқымдай алады. Еуразиялық даму банкі мен «Зерде» ұлттық холдингінің бастамасымен арнайы құрылған Astana Hub экожүйесінің арқасында осындай мүмкіндік туындап отыр. Тараптар қол қойған меморандумға сәйкес іріктелген стартаптар бастапқы кезеңде ішкі қаржы көздерінен қаржыландырылады, кейін сарапшылық бағалаудан соң ең тиімді жобалар халықаралық қаржы ұйымдарының инвестицияларына үміттене алады.
Марлен Сихаев, «Зерде» ұлттық холдингінің басқарма төрағасының орынбасары:
- Қазіргі жүйе нарықтық тетіктер арқылы құрылды. Нарық қатысушылары қай бағыттарды қаржыландыратынын өздері таңдайды. Бұл – ең пәрменді тәсіл. Бүгінгі күні Astana Hub-тың экожүйесінде арнайы салықтық режим құрылған, онда 579 компания жұмыс істейді. 2019 жылдың сәуірінен бері қордаланған қаржы сомасы 380 млн долларды құрайды.