Яғни, ол үшін біздің ел аумағына кіру міндеті емес. Қазір жаңа тетік Түрікменстан, Моңғолия, Қытай, Иран, Ауғанстан сынды визалық елдерде пилоттық режимде іске асырылуда.
Бүгінде осыған ниетті шет мемлекеттерде тұратын этникалық қазақтардан 770 астам өтініш келіп түскен. Кейін қандас атанудың жаңа тәртібі визасыз режимі бар елдерде де жүргізілмек. Бұл қандастардың тарихи отанына келмес бұрын алдын-ала елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері сынды мәселелерін шешуге жол ашады. Аталған мемлекеттік қызметтерді Enbek.kz порталы арқылы жүзеге асыруға болады.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік кодекс және көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы аясында этникалық көші-қонды дамыту бойынша бірқатар жаңа бастама қолға алынбақ Мәселен, «Ата жолы» картасы енгізіледі. Жоба жоғары деңгейдегі кәсіби мамандар мен табысты бизнесмендерге елге оңайлатылған кіру мүмкіндігін қарастырады.