Қазақ хандығының әскері туындысының батырларына жан бітті. Бейнеролик авторы – алматылық мультипликатор Глеб Пономарев. Ол бұл ерекше еңбегін қазақстандық суретші Талғат Тілеужановтың «Әбілқайыр» атты картинасы негізінде жасаған. Бұл жұмысқа 3 күн уақытын жұмсаған шебер кейіпкерлер, таулар, аспан мен жерді ажыратып, қабаттарға бөлу қиынға соққанын айтады. Жұмыс барысында оған 100-ден астам қабатты қолмен өңдеуге тура келген. Глеб Пономарев заманауи кино мен медиа және әлеуметтік желілерде қазақстандық өнерге көбірек ден қойылса деген ниетін білдірді.
Глеб Пономарев, мультипликатор:
- Мені бүгінгі жастардың өнерге жуымай, мүлдем әуестенбейтіні қатты алаңдатады. Біз әлеуметтік желілерден шықпай отырамыз. Ондағы ойын-сауық мазмұны ғана қызық. Сондықтан да ескі мен жаңаны заманауи өнер тілімен сөйлетіп, бір үндестік жасағым келді. Бұл суретті ғаламтор желісінде кездейсоқ кезіктірдім. Мені адамдардың бейнесі, олардың мінез-құлқы мен эмоциялары, жылқы жануарын дәл сала білуі, ұрыс алдындағы дайындығы, шынайы берілгендігі қатты таңғалдырды. Сондықтан бірден оны әлі де жандандыра түсу ойы келді. Егер менде түпнұсқасы болғанда, нәтиже мүлдем өзгеше шығатын еді.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов