Көктөбе көп төбенің бірі емес, ол Алматының ең қадірлі жерлерінің бірі. Сырттан, әсіресе, шетелден келген қонақтар Көктөбеге соқпай кетпейді. Көктөбе - Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе. Алматы қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан. Көктөбеде биіктігі 372 м болатын телевизиялық мұнара, қала тұрғындарының демалыс аймақтары т.б. орналасқан. Көктөбе – Алматы қаласына панорамалық шолу жасайтын орын саналады.