Ежелгі жерасты мешіті қандай? Неліктен Әзірет Сұлтан қорық-музейін билеушілер аңғары деп атауға болады? Түркістанға зиярат етіп келгендер қандай кесенелерге барады? Бұл туралы «Қазақстанға қош келдіңіздер!» жобасының жаңа шығарылымында баяндаймыз.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасында орналасқан нысандардың ішіндегі ең ерекшесі - Қылует жерасты мешіті. Бұл атау арабтың "халуатун" сөзінен шыққан, "хилвет" деген атау еуропада тамыр алды. Мұндай құрылымдар оңашада өмір сүріп, ойға бату үшін арнайы салынған.
Ондаған ежелгі соғыстардан аман қалған жерасты мешіті Кеңес өкіметі кезінде алғаш рет зардап шекті. Қырқыншы жылдары оның кірпіштері май зауытының құрылысына пайдаланылды. Бақытқа орай, мамандар мешіттің ішкі құрылымын қалпына келтіре алды. Мәселен, Гар деп аталатын бөлме. Бір адамға арналған мекен төрт метр тереңдікте орналасқан. Терең философиялық ойға бату үшін таптырмас орын.
Бұл жерде ас үй мен дәрет бөлмесі де бар. Қылуеттің төбесі мен қабырғалары күйдірілген кірпіштен қаланып, Балхи әдісімен қапталған. Жерасты бөлігінде ағаш пен темір пайдаланылыпты. Барлық бөлмелерде сіз шамдарға арналған ойықтарды таба аласыз. Диуани-хикмет, Мират-ул-кулуб, Пақырнама сынды өзінің әйгілі еңбектерін Яссауи дәл осы мешіттің қабырғаларында жазған.
Түркістанда тағы бір жерасты мешіті бар. Бұл Әулие Құмшық ата өмір сүрген орын. Қожа Ахмет Яссауи оны өзінің ұстазы деп санаған. Яғни Құмшық ата сопылық өмір сүріп, ғұмырының басым бөлігін жердің астында, Құран кітабын оқумен өткізген.
Жерасты құрылысы екі бөлмеден және дәлізден тұрады. Биіктігі 3,5 метр, ұзындығы 16 метрге жуықтайды. Алаңқайы шикі кірпіштен қаланған. Қабырғаларда шамдарға арналған шағын ойықтарды көруге болады. Сондай-ақ қисық дәліздің ортасындағы кішкене құдық нысанның ішіне жарық түсіріп тұрған. Басы артық нәрсе жоқ, тек дұға оқып, Аллаға сыйынуға қажеттінің бәрі бар.
Әзірет-Сұлтан қорығын қазақстандық билеушілердің аңғары деуге болады. Өйткені мұнда ұлы хандар мен патшалардың кесенелері өте көп. Мысалы, XVII ғасырдағы ірі қоғам және саяси қайраткер Есім ханның кесенесі бар. Мазар шаршы пішінді, күйдірілген кірпіштен қаланған. Ұзындығы мен 9 метрден. Айтпақшы, Есім Қазақ хандығының астанасын Сығанақ қаласынан Түркістанға көшірген хан.
Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі. Бұл мазарда Әмір-Темір әулетінің ұлы билеушісі, көрнекті ғалым және астроном Ұлықбектің қызы жерленген. Рәбия сұлтан Өзбек ұлысының ханы Әбілхайырдың әйелі болып, оған бірнеше мұрагер туып берген. Солардың бірі Көшкінші хан 1485 жылы анасына арнап осы кесенені тұрғызды. Мазардың алдыңғы бөлігі 6 метрлік арка түрінде жасалған. Нысанның жалпы биіктігі 20 метрден асады.
Әзірет Сұлтан қорық-музейінің ерекшелігі – ол қазіргі Түркістанның дәл орталығында орналасқан. Бұл көркем қалаға пойызбен де, ұшақпен де жетуге болады. Қаладағы жаңа әуежай Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан рейстерді қабылдайды. Сондай-ақ қаладан 180 шақырым жерде орналасқан Шымкенттен де автобустар мен такси қатынайды.
Бұрынғының данышпандары мен тау тұлғалар Түркістанда шексіз шабыт тапты. Ал біз Әзірет Сұлтан музейіне Шығыстың жұмбақ сұлулығы мен ежелгі дәуірдің ұлылығын тамашалау үшін келеміз.