Тарихтағы қай билеушінің Ертіс өңірінде мыңнан астам ұрпағы бар? XVIII ғасырда «Баһадүр» атағын кімдер және не үшін алды? Неліктен Павлодар Қазақстанның археологиялық астанасы болып саналады?
Осыдан шамамен 200 жыл бұрын билік құрған Сұлтанбет сұлтан халықтың жадынан әлі күнге дейін өшпеді. Павлодардың тарихи орталығында оның резиденциясы қайта жаңғыртылды.
Сұлтанмұхамед Баһадүр Сұлтан - «Сұлтанбет сұлтан» есімімен халық жадына енген XVIII ғасырдағы Павлодар өңірінің ең танымал мемлекет қайраткерлерінің бірі. Ол – Абылай ханның немере ағасы, Балқаштағы жоңғарлармен болған шайқастарда ержүректігімен ерекшеленіп, даңқты болған. Билеуші әрі дипломат болған Сұлтанбет екі орыс патшайымымен хат алмасып тұрған.