Миллион тұрғыны бар Шымкент шаһарында қанша ерекше музей бар? Ғасырлар бұрын әйелдер қандай әшекей бұйымдарды таққан? Оңтүстік Қазақстанның басты өлкетану музейі несімен қызықты, ал қай музейдің экспозициясын көріп жан түршігеді? Бұл туралы «Қазақстанға қош келдіңіз!» жобасының жаңа шығарылымында баяндаймыз.
Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі бар. Кеңес Одағы кезінде қазақ халқы көптеген сынақтардан өтті. Республика аумағында ГУЛАГ жүйесінің бірнеше лагері болды, халық репрессияға ұшырады. Бұл зұлмат кезеңнен зардап шекпеген отбасылар кем де кем.
Музей 2001 жылы ашылған. Оның архитекторы – Аманжол Найманбай. Мәдени нысанның негізгі міндеті 30 жылдардағы кеңестік жүйенің адамзатқа қарсы жасаған қылмыстарын куәландыратын құжаттарды жинап, келушілердің назарына ұсыну.
Экспозицияның негізгі элементі - "репрессия" деп аталатын мүсін. Иосиф Сталин, тікенді сым, қан мен азап бейнеленген туындыға қарағанда, бойыңды еріксіз қорқыныш сезімі билейді. Мүсіннің айналасында репрессияға ұшыраған белгілі қазақстандықтар туралы ақпараттық стендтер орналасқан. Мұнда тоталитаризм езігісіне ұшыраған Тұрар Рысқұлов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев, Мұхамеджан Тынышпаев және басқа да қазақ қайраткерлерінің портреттерін көруге болады. Сонымен қатар өмірлері тозаққа айналған қарапайым қазақстандықтардың тағдырын байандайтын бірегей құжаттар да бар.
Шымкентте болғанда Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейіне міндетті түрде бару керек. Оның негізі сонау 1920 жылы қаланған, ал 2014 жылы ол жаңа заманауи ғимаратқа көшірілді. Қазіргі уақытта музейдің аумағы 2,5 мың шаршы метрді құрайды, оның 1000 шаршы метрін құнды жәдігерлер экспозициясы алып жатыр. Музей қорында Оңтүстік Қазақстанның бай тарихы мен алуан түрлі табиғатын баяндайтын материалдық және рухани мәдениеттің көптеген экспонаттары бар.
Оңтүстік Қазақстанның тарихы Ұлы Жібек жолымен тікелей байланысты. Сондықтан келушілер бұл сауда жолы, оның дамуы туралы қызықты ақпараттар алып, түрлі құнды жәдігерлерді тамашалай алады.
Атағы жер жарған балуаны, әлем чемпионы – Қажымұқан Мұңайтпасовтың киіз үйі. Оның қаңқасы 1935 жылы қаратаулық талдан жасалған. 1947 жылы Қажымұқан киіз үйін ең жақын досына сыйға тартыпты, ал 70 жылдары құнды жәдігер Шымкенттің тарихи-өлкетану музейіне түсті.
Шымкентте музейлер баршылық және олардың бәрін бір күнде аралап шығу мүмкін емес. Сонықтан Оңтүстік Қазақстандағы бұл ірі мегаполиске келгенде, міндетті түрде бірнешеуіне барыңыз. Шымкенттің санғасырлық тарихымен тереңірек танысып, ой-өрісіңізді кеңейтесіз алдыңызда алақандайғыдай ашылады.