Осы сағатқа дейін 7 млн астам қазақстандық дауыс беріп үлгірді. Бұл жалпы дауыс берушілердің 60,80 проценті. Бұл Орталық референдум комиссиясы таратқан соңғы ақпарат осындай. Әзірге Қызылорда мен Түркістан облыстары көш басында. Мұндағы халықтың 72 проценттен астамы азаматтық борышын орындады. Тізімді 69 процентпен Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстары жалғастырады. Әзірге Маңғыстау облысындағы белсенділік бәсең. Мұндағы азаматтардың 53 проценті ғана референдумға келіп, таңдауын жасады.