Түркістан облысындағы Шардара су қоймасы 90% толды

Түркістан облысындағы Шардара су қоймасы 90% толды

Түркістан облысындағы Шардара су қоймасы 90% толды. Қазір онда 4,5 млрд текше метрден астам су жиналған. Су шаруашылығы нысаны тәулік бойы бақылауда. Құтқарушылардың мәліметінше, аймақта көктемгі су тасқынына қатысты жағдай тұрақты. Сонымен қатар, сақтық шаралары жалғасып жатыр. Айта кетейік, облыста жалпы саны 20 өзен мен 42 су қоймасы бар.

Асылбек Ақылбекұлы, Түркістан облысы ТЖД басқармасының бас маманы:

- Төтенше жағдайлар министрлігінің «Тасқын» ақпараттық жүйесі арқылы трансшекаралық Сырдария өзенімен таудан басталатын өзендердің деңгейі тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Қазгидрометтің наурыз айына берген болжамы бойынша облыс аумағында жауын-шашын мөлшері норма шамасында болады деп күтілуде. Осыған байланысты облыс әкімімен бекітілген арнайы жоспарлар аясында жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?