Қазақстандық
студенттер AMAZON компаниясында жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Олар 10 апта бойы
OpenSearch жобасында виртуалды деректер
репозиторийлерінің кең бағыты бойынша бастапқы кодқа өзгерістер мен жақсартуларды
онлайн енгізетін болады. Оқудың екінші легі де Ғылым және жоғары білім
министрлігі мен америкалық корпорация арасында қол қойылған меморандум аясында
өтеді. Тәлімгерлік тәжірибелі Amazon инженерлерімен қамтамасыз етіледі. Тағылымдама
соңында қазақстандық студенттерге шетелдік мамандар өз ұсыныстары беріп, кері байланыс орнатады.
Ұлан
Несіпқалиев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаменті
директорының орынбасары:
-Ағымдағы жылдың
наурыз айынан, іске асып келе жатыр. Қазақстаннан 400-ге жуық студент қатысып,
өте жақсы нәтижелер көрсетіп, соның нәтижесінде AMAZON басшылығы өте жақсы
нәтижелерге риза болды. Бұл бағдарламаны биыл тағы да жалғастырып жатыр. Тіпті
кейбіреулері AMAZON компаниясына жұмыс істеуге шақырту алды. Бізге қатысатын
студенттер әртүрлі командалармен бірлесіп, жұмыс істеп, осындай әлемдік
деңгейдегі жобаларға код жазысуға атсалысады.